ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция жаңа жылдық безендіруді қиратқан бұзақыларды оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін таңғы сағат 06.45-тер шамасында болған. 20-26 жас аралығындағы үш қызылордалық жеңіл автокөлікпен облыс орталығындағы Орталық алаңға барған. Жігіттер Жаңа жылдық шырша маңында безендірілген үйшікті сындырып тастаған.
«Полиция жасағы оқиға орнында 3 бұзақыны ұстады. Олар мінген автокөлік айып тұрағына қойылды. Қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған әрекет үшін ұсталған азаматтар тиісті жазасын алатын болады. Өз кезегінде жас жігіттер әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұрады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің бспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.