ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында 17 жастағы жасөспірім қызға азғындық әрекет жасаған күдікті адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қазалы ауданында тіркелген. Екі жасөспірім қыз Қызылордадан қыдырып барған. Олардың үлкеніне ер адам азғындық әрекет жасаған.
Бұл оқиғаны жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегіше түсініктеме берді.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада бүлдіршін қызға азғындық әрекет жасамақ болған күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.