ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі аралас мекемесінде жазасын өтеуші өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы барды. Бейнебақылау камераларынан материалдар зерделеніп, басқа сотталғандармен сұхбат жүргізілді.
«Тексеру нәтижесінде оған қатысты заңсыз іс-әрекеттер болмағандығы анықталды. Суицид жасаған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігімен сотталған.
Айта кету керек, сотталған өз-өзіне қол жұмсауға бейім ретінде мекеменің психологиялық қызметінің профилактикалық есебінде тұрған. Сонымен қоса оған «органикалық галлюциноз» диагнозы қойылған», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.
Ведомство мәліментінше, қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.