ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жеңіл көлік иесі жаяу жүргіншілер жолында 17 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін, 1 қарашада Абай даңғылы мен Панфилов көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолында болды.
«Оқиға барысында Toyota Camry автокөлігін басқарып келе жатқан 54 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Ведомство мәліметінше, жаяу жүргіншіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.