ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған жасөспірім қызды іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 38 жастағы әйел қызының үйіне қайта ораламағандығы жөнінде хабарласты.
Отбасы оның барлық досына, оқытушыларына, туысқандарына хабарласып, іздеу салады. Бірақ ешбір нәтиже шықпаған.
«Оны іздеуге Қызылорда қалалық полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімі бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды. Іздеу шараларының нәтижесінде 17 жастағы жасөспірім қыз қала орталығындағы көшелердің бірінен табылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.