Қызылордада жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үйден үлкендердің рұқсатынсыз шығып кеткен екі жасөспірім бір күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордақаласының 34 жастағы тұрғыны полицияға телефон шалып, онда екі баласының біркүннен бері хабарсыз еткенін мәлім етті. Олар отбасында ешкімге айтпай,белгісіз жаққа кетіп қалған.

Полицияқызметкерлері дереу іске кірісті. Жедел іздестіру шарасы барысында екіжасөспірім облыс орталығы көшелерінің бірінен табылған. Аталған дерек бойыншаолардың заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту жасалды.

Қызылордаоблысы Полиция департаменті 2-3 тамызкүндері облыс аумағында «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалықіс-шарасы өткізді.

Іс-шарабарысында сағат 22:00-ден 6:00-ге дейінгі уақыт аралығында кәмелеткетолмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз ойын-сауық орындарында жәнетұрғын жайдан тыс жерлерде болу деректері анықталды.

«НәтижесіндеҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132-бабы бойынша жасөспірімдердің түнгіуақытта бейберекет жүруіне жол берген ойын-сауық орындары әкімшілігіне қатысты6 оқиға анықталды. Оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Мұндай жазағаойын-сауық орындарында жүрген 13 кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңдыөкілдері де тартылды», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полициядепартаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қызылордада алаяқтық қылмысы өршіптұрғанын хабарлаған едік.