Қызылордадағы атыс: ІІД түсініктеме берді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - БАҚ-тарда «Қызылорданың қақ ортасындағы төбелестің соңы атыспен аяқталды» деген ақпаратқа қатысты Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

Кеше Фейсбук әлеуметтік желісіне жүктеліп жария етілген бейнежазбаны Ішкі істер департаменті тексеріліп, зерделенген.

«Қазір аталған дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.