ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер үш күннен бері хабарсыз еткен 25 жастағы ер азаматқа іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1996 жылдың 12 тамызында дүниеге келген Бегімбай Самат Болатұлы биылғы жылдың 12 қыркүйегінде мемлекеттік белгісі 996 ААС 11, сұр түсті «Субару Легаси» автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына қарай жолға шыққан. Дегенмен межелі жерге осы уақытқа дейін жетпеген.
«Ерекше белгілеріне тоқталсақ, бойы 1.70-1.80 см, орта денелі, қара торы келген, көзі қара түсті, шашы қысқа. Киген киімдері: сұр түсті спорттық киім, аяғында ақ түсті кроссовка», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада көшеде адасып кеткен 4 жасар баланың табылғанын
хабарлаған едік.
Оқиға 7 қыркүйекте Қызылорда қаласы Төле би көшесінде болды. Таңертеңгі сағат 10:30-11:00 шамасында 4 жасар Әділ есімді бүлдіршін табылған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.