ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының озат оқушылары Түркістан облысындағы киелі орындармен танысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Киелі мекендерге сапар шеккен қызылордалық оқушылар қатарында республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары бар. Сондай-ақ, мұндай мүмкіндікке аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасы балалары да ие болды. Осындай қамқорлық аясында барлығы 50 оқушы Түркістан облысындағы Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне барды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.