Күдіктінің үйіне тексеру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде есірткі затын пайдалануға арналған құрал, ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы, газет қиындысына оралған жасыл түсті, өзіне тән ерекше иісі бар өсімдік тектес зат және есірткіге ұқсас зат салынған сөмке анықталды. Аталған заттар айғақ ретінде алынып, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысымен 3 кг 425,17 грамды құрайтын «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті тұлға оқиға орнынан ұсталып, қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.