ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер бас бостандығы шектелген азаматты тығылып жүрген жерінен бес айдан кейін іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл азамат Сырдария ауданында пробациялық есепте тұрған. 2018 жылы есірткі егу қылмысы бойынша сотталған ол тиісті жазаға тартылды. Кейіннен сотталушы жеңіл жаза түріне ауыстырылып, бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Соңғы уақытта тағылған айып бойынша жазадан бой тасалаған оған іздеу жарияланды.
«Оны облыс аумағынан 5 ай бойы іздестіруге тура келді. Полицейлер 55 жастағы аудан тұрғынын Қызылорда қаласында жасырынып жатқан жерінен тапты. Қазір ол қамауға алынды», - дейді аудандық полиция бөлімі бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары Әділхан Қанзадаев.
Сондай-ақ, Қызылордада 152 адамды алдап, 90 млн теңгені қалтасына басқан әйел сотталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.