Қызылордалық полицейлер өрттен 2 баланы құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция қызметкері өрттен екі баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 11:15 шамасында департаменттің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы, полиция капитаны Нұржанов Бауыржан Шымкент көшесінің бойындағы №24 үйдің жоғарғы қабатынан өрт шығып жатқанын көріп, дереу «101» нөміріне хабарлама береді. Өзі өрт шыққан пәтердің есігін сындырып, ішіне кіреді. Өзінен кейін оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Уалихан Исмаилов екеуі өртке оранған пәтер ішінен 5 және 6 жастағы балаларды құтқарып алып шықты», - делінген баспасөз хабарламасында.

Сол жерде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өртте ешкім зардап шеккен жоқ.