«Қызылжар» ел біріншілігінде алғаш рет жеңілді

Фото: instagram.com/fcqyzyljar
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл турда Петропавлдың «Қызылжар» клубы биылғы біріншіліктегі алғашқы жеңілістің ащы дәмін татты.

Олар Қарағандыда жергілікті «Шахтермен» шеберлік байқасты.

Кездесу тағдырын 62-минутта қарағандылық клубтан Темур Чогадзе соққан жалғыз гол шешті.

Осылайша «Қызылжар» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Сондай-ақ, тағы бір кездесуде «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау» 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ал «Жетісу» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, 6 мамырда «Тобыл» өз алаңында «Қайратқа» 2:3 есебімен жол берсе, «Астана» елордада «Мақтаралдан» 2:0, «Ақтөбе» «Ақсудан» 2:1, «Ордабасы» «Қайсардан» 4:0 есебімен басым түсті.