18:00, 07 Мамыр 2023 | GMT +5
Премьер-лига ойынында «Жетісу» «Оқжетпесті» тізе бүктірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-турында «Жетісу» «Оқжетпесті» жеңді , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Командалар турнир кестесінің ортаңғы бөлігінде келеді. Жағдайды жақсарту үшін екеуіне де үш ұпай қажет екені белгілі.
Ойын барысында командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті.
Кездесу тағдырын 95-минутта талдықорғандық клубтан Йован Стоянович соққан жалғыз гол шешті.
Осылайша «Жетісу» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Енді «Каспий» (Ақтау) мен «Атырау», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қызылжар» (Петропавл) командалары ойнайды.
Еске салсақ, 6 мамырда «Тобыл» өз алаңында «Қайратқа» 2:3 есебімен жол берсе, «Астана» елордада «Мақтаралдан» 2:0, «Ақтөбе» «Ақсудан» 2:1, «Ордабасы» «Қайсардан» 4:0 есебімен басым түсті.