Қарағанды облысы ІІД мәліметі бойынша, ішкі істер жедел қызметіне Қарағанды қаласы аудандарының бірінде «Toyota Land Cruiser» автошашинасын айдап кеткендігі туралы қоңырау шалынған. Осы хабарлама барлық жеке құрамға бағытталған. Оқиғаның ізі суымай жарты сағаттан соң қаланың 37 жастағы тұрғыны ұсталған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-тің 200-бабы 3-бөлігі бойынша сот алды тергеу басталды.