«Синай түбегінде лаңкестіктің жоғары қаупіне және Мысыр басшылығының радикалды қылмыстық топтарды ұстау іс-шараларына орай, ТИК қазақстандық туристік операторларға Қызыл теңіздегі (Хургада мен оның маңындағы аудандар, Марса Аллам) аймақтарға, Шарм-эль-Шейх пен Дахаба курорттарындағы жұмыстарға үлкен ден қоюларын сұрайды. Жағдай тұрақталғанға дейін қазақстандық туристер аталмыш түбектен өзге аймақтарға, соның ішінде Табу мен Сант-Катрин аудандарына барудан бас тартқандары жөн», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар комитет Мысыр еліне, соның ішінде Каир, Александрия, Асуан мен Луксор қалаларына бармауға кеңес береді. Мысырда жүрген қазақстандық туристердің лицензиясы жоқ мысырлық агенттердің қызметіне жүгінбегендері ләзім.