Іле-Алатау паркінде тауешкілер фототұзаққа түсіп қалды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жабайы жануарлар фототұзаққа түсіп қалды. 

Фото: видеодан скрин

Іле-Алатау паркінің қызметкерлері жануарлар жиі жүретін жерлерге камераларды орнатып, жануарлардың өмірінен сирек сәттерді жиі түсіріп алады. Бұл жолы фототұзаққа сібір тауешкісі мен жабайы қабан түскен. 

– Бұл суреттер жануарлардың мінез-құлқы мен олардың табиғи тіршілік ортасы туралы маңызды ақпарат береді. Алынған деректер болашақ зерттеулер жүргізуге және табиғатты қорғау шараларын әзірлеуге қажет. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жабайы табиғатты сақтау және зерттеу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр. Заманауи технологияларды қолдану табиғи мұраны қорғауда және сирек кездесетін түрлерді зерттеуде маңызды рөл атқарады, - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қар барысы мен Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалғанын жазғанбыз.