Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды. Даулы жер учаскесі сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі болып саналады.
Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды.
– Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, - делінген Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.
Айта кетейік, Қостанай облысы прокуратурасы ұзақ уақыт бойы жерді мақсаты бойынша пайдаланбаған жер пайдаланушыларын анықтады. Құны 50,8 млн теңге 1183 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Алматыда құны 17 млрд теңге болатын жер телімі мемлекетке қайтарылды.