Бүгін лебяжілік полицейлерге 174 жасақшы көмектесуде, бұл ең ірі сақшы ауылдық жасақтарының бірі болып табылады. Олар кезекшілікке белгіленген кесте бойынша шығады, барлығы жарық шағылыстыратын жилеттермен жабдықталған.
Қоғамдық жасақшыларды марапаттау үшін сыйақылар, сыйлықтар қарастырылды, оларға еңбек демалысына қосымша күндер беріледі. Бұл жасақтың белсенді жұмысын ынталандырып, аудандағы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтеді.