Лифтіде әйелін соққыға жыққан астаналық ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
«Өтінішке сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті «Есіл» ауданының полиция басқармасы ҚК-нің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша қылмыстық істі тіркеді. Жүргізілген сот-медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген», - делінген хабарламада.
Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.
«Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өз әрекетіне жауап беру туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды», - дейді аталған ведомстводан.
Айта кетсек, әлеуметтік желіде лифтіде белгісіз біреудің қыз баланы теуіп, ұрып жатқан видеосы тараған еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылық көбінесе отбасылық жанжалдан туындайтынын хабарлаған еді.