Сhampionat.com сайтынан мәлім еткеніндей, Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) Оңтүстік Американың өткен жылғы үздік ойыншыларын анықтаған.
Көш басында Л.Месси тұр.
Сонымен, үздіктердің толық құрамы мынадай.
Қақпашы: Эмилиано Мартинес (Аргентина, «Астон Вилла»);
Қорғаушылар: Николас Отаменди (Аргентина, «Бенфика»), Тьяго Силва (Бразилия, «Челси»), Кристиан Ромеро (Аргентина, «Тоттенхэм»);
Жартылай қорғаушылар: Родриго Де Пауль (Аргентина, «Атлетико»), Каземиро (Бразилия, «Реал»/«Манчестер Юнайтед»), Энцо Фернандес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Бенфика»), Винисиус Жуниор (Бразилия, «Реал»);
Шабуылшылар: Неймар (Бразилия, «ПСЖ»), Хулиан Альварес (Аргентина, «Ривер Плейт»/«Манчестер Сити»), Лионель Месси (Аргентина, «ПСЖ»).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гарри Кейннің «Тоттенхэм» тарихында ең мерген ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Криштиану Роналду Сауд Арабиясының футболына қандай өзгеріс әкелді.
Фото – Сhampionat.com