Лицензиялық турнир: Бүгін бозкілемге бұрымды балуандар шығады

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші жарыс күні боз кілемге бұрымды балуандарымыз шығады.

Азиялық іріктеу турнирінде әйелдер он екі Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Аталған турирде Париж олимпиадасының жолдамасына Қазақстаннан 6 балуан қыз таласады.

Қазақстан құрамасының атынан белдесетін балуандар:
50 келі - Ғаниқызы Лаура
53 келі - Жұлдыз Эшимова
57 келі - Эмма Тисина
62 келі - Ирина Кузнецова
68 келі - Елена Шалыгина
76 келі - Жәмила Бақбергенова.

Алғашқы іріктеу сындары Астана уақытымен 9:30-да басталса, финалдық бәсекелер 17:00-ге жоспарланған.

Аталған лиензиялық турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі.

Күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынып жатыр. Ал үшінші жарыс күні грек-рим күресінің балуандары сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше бірінші жарыс күні еркін күрес шеберлері Олимпиада жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде 97 келі салмақта Әлішер Ерғали мен 125 келі салмақта Юсуп Батырмұрзаев Париж олимпиадасына жолдама алды.