Қазақстандық балуан еркін күрестен ел қоржынына тағы бір лицензия салды

Жолдама
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық балуан Юсуп Батырмұрзаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Ол жартылай финалда бахрейндік Шамиль Могамед Шариповты 7:3 есебімен жарыс жолынан тайдырып, Париж Олимпиадасына жолдаманы қалтасына басты.

Еркін күрестен 125 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Батырмұрзаев осымен екінші Олимпиадасына қатыспақ. Бұған дейін ол Токио ойындарына да қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 97 келі салмақтағы Әлішер Ерғали де Париж жолдамасын қоржынға салған болатын. 

Әзірге, еркін күрес шеберлерінде осымен үш жолдама бар. 

Аталған лиензиялық турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі.

Күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынып жатыр.

Енді, ертең әйелдер күресінен балуандар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Ал үшінші жарыс күні грек-рим күресінің балуандары сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар
telegram