Әлішер Ерғали Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Жолдама
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Нақтырақ айтсақ, жартылай финалда қытайдағы қандасымыз Әбусайман Хабиламен Олимпиада жолдамасын сарапқа салған Әлішер Ерғали қарсыласын 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Осылайша, ол Париж Олимпиадасына жолдама алды. 

Әзірге, еркін күрес шеберлерінде екі жолдама бар. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 74 келідегі Нұрқожа Қайпанов 1/2 финалда әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері ирандық балуан Юнес Эмамиге 0:11 есебімен есе жіберәп, Олимпиада жолдамасына бір қадам қалғанда жарысты аяқтаған еді.

Енді алда 125 келі салмақта Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына таласады.

Аталған лиензиялық турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі.

Күрестің үш түрінен 18 салмақ дәрежесінде 36 лицензия сарапқа салынып жатыр.

Соңғы жаңалықтар