Нақтырақ айтсақ, үндістандық Дипак Дипак алғашқы кездесуде 2:3 есебімен жастар арасындағы екі дүркін Еуропа чемпионы, әзербайжандық Ниджат Гусейновтен жеңіліп, жарыстан шығып қалды. Дипак өткен жылы Ташкенттегі әлем чемпионатында Сәкен Бибосыновтан басым түскен болатын.
Айта кетейік, Бибосынов аталған турнирде алғашқы айқасын өткізіп, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан болатын. Ол бірінші жекпе-жегінде гонконгтық Каннет Чун Хим Танмен қолғап түйістіріп, қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.
Енді Сәкен Олимпиада жолдамасына ие болу үшін кем дегенде жартылай финалға дейін жетуі тиіс.
Бүгін бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жартылай финалға жеткен төрт боксшы Париж олимпиадасына жолдамаға қол жеткізетінін, ары қарай жартылай финалдық және финалдық бәсекелер өтпейтінін мәлім еткен болатын.