— Премьер-министр Наваф Салам 2026 жылғы 9 сәуір, бейсенбі күнін Израиль шабуылдарының құрбаны болған, жүздеген жазықсыз әрі қарусыз бейбіт тұрғындарды еске алу үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялады, — делінген ақпаратта.
Салам бұл күні мемлекеттік мекемелерді, қоғамдық ұйымдарды және муниципалитеттерді жабу туралы өкім берді. Ұлттық ту барлық жерде төмен түсіріледі. Билік сондай-ақ радио мен теледидардағы бағдарламаларды өзгертеді.
Премьер-министр Ливан халқына, ұл-қыздарынан айырылған барлық отбасыларға қайғыра көңіл айтып, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Ол «Израильдің қырып-жою әрекетін тоқтату үшін» араб елдерінің көшбасшыларымен және халықаралық серіктестермен байланысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, Израиль армиясы бітім жасасу аясында Иранға шабуылын тоқтатқанын мәлімдеді, алайда Ливанда «Хезболлаға» қарсы әскери операциялар жалғасып жатыр.
АҚШ пен Иран бітімінен кейін Ливанда қаза тапқандар саны 250-ден асқаны туралы бұған дейін де хабарладық.