Ведомствоның хабарлауынша, әуеден келген дүмпу алқаптағы 12 елді мекенге әсер еткен, әсіресе Баалбек аймағы қатты зардап шеккен. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, құрбан болғандар саны артып келеді.
Баалбек-Хермель провинциясының губернаторы Бечир Ходр әуе шабуылдарын Ливан мен Израиль арасындағы қақтығыс басталғаннан бері аймаққа жасалған «ең қатыгез» шабуыл деп атады.
23 қыркүйектен бастап Израиль Ливандағы әуе шабуылдарын, негізінен «Хезболлаға» қарсы күшейтті және жақында елдің солтүстік шекарасында құрлық операциясын бастады.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ басшысы Газа секторының солтүстігіндегі бейбіт тұрғындардың жағдайы ауыр екенін хабарлағанын жазған болатынбыз.