LIVE: Эстония президенті Алар Каристің Астанаға мемлекеттік сапары

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Эстония президенті Алар Карис Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Ақордада өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың өзекті бағыттары талқыланбақ. 

Қазақстан мен Эстония арасындағы саяси қатынастар өзара түсіністік пен сенім негізінде дамып келеді. Халықаралық мәселелердің негізгі аспектілері бойынша екі елдің ұстанымы бір-біріне жақын.

Қос тарап дипломатиялық қатынасты 1992 жылы орнатты. Сол уақыттан бастап екі ел арасындағы байланыс жүйелі түрде нығайып, 1995 жылы Қазақстан Литва, Латвия және Эстония елдерінде бір уақытта елшілігін ашты. Ал 2011 жылы Астанада Эстонияның елшілігі жұмысын бастады. 3 жыл бұрын Қазақстан мен Эстония Бірлескен коммюникені қабылдады. Ол тарихи және стратегиялық ынтымақтастықтың маңызды кезеңін белгіледі.

Маңызды сапардың мәнін Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге талдап берген болатын.

Бұған дейін Алар Карис 17-19 қараша күндері Астанаға мемлекеттік сапармен келетінін хабарлаған едік.