LIVE: Иордания Королінің Қазақстанға ресми сапары

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейн ресми сапармен келді.

Иордания Королінің Қазақстанға ресми сапарынан не күтуге болатыны жайлы Kazinform сараптамалық материалынан оқи отырыңыз.

Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Иордания Королінің ресми сапары кезінде Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.