Ливерпульдегі сұрапыл өрт: 1,4 мың автомобиль жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Ливерпуль қаласындағы Echo Arena ойын-сауық орталығының маңындағы автотұрақта тұрған 1,4 мың машина өртеніп кетті, деп хабарлайды Press Association агенттігі.

«Автотұрақтың жалпы сыйымдылығы 1,6 мың көлікке арналған. Өрт кезінде ондағы 1,4 мыңға жуық машинаның барлығы жанды. Олардың иелеріне сақтандыру компанияларына жүгінуді кеңес береміз», - делінген жедел өрт сөндіру қызметінің мәлімдемесінде.

Echo Arena-да болған ірі өрт оқиғасына байланысты ат спортынан халықаралық жарыс кейінге қалдырылды. Оқыс оқиға салдарынан ешкім жапа шеккен жоқ.