lll ТМД елдері ойындары: Қазақстан ұлдар құрамасы бокстан 7 жүлде алды
АСТАНА. KAZINFORM – Бокстан Қазақстан ұлдар құрамасы Әзірбайжанның Евлах қаласында өткен lll ТМД елдері ойындарында барлығы 7 жүлде олжалады. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы хабарлады.
Едіге Нұрқожа (-52 кг) күміс медаль, ал Қорғанбек Балтин (-48 кг), Жалғас Апбаз (-54 кг), Алдияр Баяндинов (-63 кг), Дарын Төлеген (-70 кг), Бауыржан Әлиакбар (-80 кг), Еркетаң Жарқынбек (+80 кг) қола медаль иеленді.
Айта кетейік, Қазақстан спортшылары lll ТМД елдері ойындарында бадминтон, нысана көздеу, семсерлесу мен күрес түрлерінен бақ сынап, жүлделі орыннан көрінді.
ІІІ ТМД ойындары 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Әзербайжанның 7 қаласында өтеді. Олар Гянджа, Евлах, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль және Ханкенди. Ашылу және жабылу салтанаты Гянджа қалалық стадионында болады. Екі іс-шара да жергілікті уақыт бойынша 19:00-де басталады.
Алматы 2026 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесіне ие болды.