Лондонда өрттен көз жұмғандар саны 12-ге жетті
23:38, 14 Маусым 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көп қабатты үйдегі өрттен қаза тапқандар саны 12-ге жетті, деп мәлім етті Лондон полициясының баспасөз қызметі. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
Бұған дейін өрттен зардап шеккендер саны - 64, қаза тапқандар саны алтау екені жария етілген болатын.
14 маусымда Лондон қаласының батыс жағындағы 24 қабатты Grenfell Tower кешені өртенді.