Лос-Анджелес жағалауында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласы маңындағы жағалауда магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Report агенттігі АҚШ Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап хабарлады.

Фото: Report

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі таңертең Манхэттен-Бич қаласының жағалауынан шамамен 10 шақырым жерде тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 9 шақырым тереңдікте орналасқан.

Негізгі дүмпуден кейін магнитудасы 3,0 және 2,5 болатын кемінде екі афтершок тіркелді.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Лос-Анджелес өрт сөндіру қызметі жоғары дайындық режимін жариялап, қаланы құрлықтан, әуеден және теңізден тексеру үшін қосымша күштерді жұмылдырды. Мамандар маңызды инфрақұрылым нысандары мен осал аймақтардың жағдайын тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда бес күн бойы жер сілкінген болатын.