LRT құрылысы: Елордада Сығанақ көшесінің учаскесі уақытша жабылады

Фото: Айгерім Амантаева / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Сығанақ көшесінің оңтүстік жағы — Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысындағы учаскеде көлік қозғалысы толық шектеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Сығанақ көшесіндегі LRT жабық жаяу жүргіншілер өткелінің учаскесінде (МБК «Абу Даби Плаза» ғимаратынан «112 станциясы» ғимаратына дейін) құрылыс ағаштарын бөлшектеу және материалдарды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Бөлшектеу жұмыстары 23 қазан күні сағат 12:00–ден 25 қазан күні сағат 00:00–ге дейін жүргізіледі. Жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Сығанақ көшесінің оңтүстік жағы — Ақмешіт және Түркістан көшелерінің қиылысындағы учаскеде көлік қозғалысы толық шектеледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Фото: Астана әкімдігі

Осыған дейін Астанада кепілдік мерзімі өткен үйлер бойынша шағымдар көбейгенін жазған едік.