LRT конструкциясы алынып жатыр: Тағы 4 автобустың маршруты өзгерді

Фото: Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қалада LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкциялар алынып, демонтаж жасалып жатыр.

Осыған байланысты № 43, 10, 12, 51 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. 

Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.

Мұның алдында № 25, 61 автобустардың да бағыты өзгерген болатын.  

Сондай-ақ осы LRT металл конструкцияларының демонтаж жұмысына байланысты Хусейн бен Талал және Жаңадария көшелері жабылды.