Ведомство мәліметінше, қалада LRT жол өткелдеріндегі уақытша металл конструкциялар алынып, демонтаж жасалып жатыр.
Осыған байланысты № 43, 10, 12, 51 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.
«Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.
Мұның алдында № 25, 61 автобустардың да бағыты өзгерген болатын.
Сондай-ақ осы LRT металл конструкцияларының демонтаж жұмысына байланысты Хусейн бен Талал және Жаңадария көшелері жабылды.