Лувр музейінің бірнеше залы су ағып кетуіне байланысты уақытша жабылды
АСТАНА. KAZINFORM — Францияның BFMTV телеарнасының хабарлауынша, түнде №707 (Duchatel) бөлігінде айтарлықтай су ағу фактісі анықталған. Бұл туралы Анадолы жазды.
Музейдің техникалық қызметі жағдайды «төтенше» деп бағалап, №706, 707 және 708 залдарын келушілер үшін уақытша жапқан.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, су жоғарғы қабаттағы кәріз жүйесіндегі ақау салдарынан төменге аққан. Қазір ғимарат ішінде шұғыл түрде құрылыс тіректері (ормандар) орнатылып, төбенің едәуір зақымданғаны хабарланды.
Су кеткен залда XV–XVI ғасырларға тиесілі көптеген құнды жәдігерлер қойылған. Аты-жөнін атамаған дереккөздің айтуынша, бірқатар экспонат бүлінген.
Бұған дейін 2025 жылғы 26 қарашада ежелгі Мысыр дәуіріне қатысты кітаптар мен құжаттар сақталған музей кітапханасында да су ағу оқиғасы тіркелгені хабарланды. Сол кезде де бірқатар материал зақымданған болатын.
Айта кетейік, француз полициясы әлемдегі ең танымал музейлердің бірі – Лувр аумағында көпжылдық билет алаяқтығына қатысты ауқымды операция жүргізіп, 9 адамды ұстағаны белгілі болды.
Сонымен қатар, Лувр ЕО-ға кірмейтін елдерден келген туристерге билет бағасын қымбаттатты.
Осыдан бөлек Луврдағы атышулы ұрлыққа байланысты жаңа мәліметтер пайда болды.