Любовь Ковальчук Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлде еншіледі
19:27, 12 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық зілтемірші Любовь Ковальчук Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы бір күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет мәліметінше, отандасымыз 86 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Ковальчук серпе көтеруде 150 келіні еңсеріп, күмістен алқа тақты.
Бұдан бұрын ауыр атлет Артем Антропов Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлде алғанын жазған едік.
Ал кеше каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Никита Тарнакин Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.