ІІМ алаяқтар ең көп қолданатын 10 айланы атады

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі алаяқтар ең көп қолданатын он түрлі айланы атап, алданбаудың амалын ұсынды.

Фото: https://sgpress.ru/

Ведомствоның атап өтуінше алаяқтар қоңырау шалып, төмендегі ұсынысты айтса, сақ болған дұрыс: 

 «Ақшаңызды сақтау үшін оны басқа шотқа аударыңыз немесе депозиттен шешіп, басқа шотқа салыңыз». Жалған қауіп тудырып, адамды шатастырады.

  • «Сізбен тергеуші немесе ІІМ,ҰҚК қызметкері сөйлесіп тұр. Тұтқаны қоймаңыз». 
  • Жалған беделге сүйеніп, қысым жасайды. «Бұл қоңырау туралы ешкімге айтпаңыз — құпия операция жүргізіліп жатыр».
  • Жәбірленушіні оқшаулап, кеңес алуына кедергі жасайды. «Кілт сөзді өзгертуге өтінім түсті». Шотқа қолжетімділікті жоғалтасыз деген ой салады.
  • «Мен байланыс операторының қауіпсіздік қызметіненмін. Қазір сізге код келеді, соны айтып жіберіңіз».  SIM-картаны немесе банк жүйесін ұрлау үшін қолданылады. «Депозиттегі қаражатты банк шотына аудару қажет».
  • Ақшаны өз шоттарына аудартады. «Бұл — ұлттық қауіпсіздік қызметкері. Қай банкте шоттарыңыз барын айтыңыз. Карта мен депозитті дереу бұғаттау үшін деректеріңізді беріңіз». Барлық мәліметтерді жинап, кейін ақша ұрлайды.
  • Жақыныңыз қиын жағдайға түсті (ЖКО, полиция, аурухана). Шұғыл ақша жіберу керек». 
  • Эмоцияға беріліп, уақытпен қысады. «Сіз сыйлық/өтемақы ұтып алдыңыз! Оны алу үшін салықты немесе жеткізу ақысын төлеуіңіз керек».
  • Жалған пайда ұсынып, ақша бопсалайды. «Шотыңыздан ақша шешуге әрекет жасалды. Операцияны тоқтату үшін SMS-кодты айтыңыз». Құпия кодты алдап алады. 
  • Мұндай қоңыраулардың мақсаты: клиенттің мобильді қосымшасына қол жеткізу; ақшаны «қорғалған шотқа» өз еркімен аудартқызу; TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hoptodesk, RudeDesktop секілді қашықтан басқару бағдарламаларын орнатуға көндіру.
  • Кеңес: Ешқашан CVV, PIN, картаның толық деректерін, SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз! Полиция, банк немесе байланыс операторлары ақша немесе код сұрамайды. 

Еске сала кетейік, бүгін алаяқтық бойынша іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Түркиядан елге қайтарылды.