М.Демеуов: Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтауға 20 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтауға 20 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов айтты.

«Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтауға 20 мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылып, олар күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол сенімді өкілдер, байқаушылар мен журналистер сайлау учаскесінде фото-бейне түсірілімдер жүргізуге құқылы екенін атап өтті.

«Ең бастысы, түсірілімдер сайлау комисиясының жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Сонымен қатар, фотожурналисте тиісті құжаттары және жеке басын куәландыратын құжаты болу керек», - деді М.Демеуов.