ІІМ мен Астана мектептері профилактикалық жұмысты күшейтуге келісті

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі елордадағы 150 білім беру ұйымының басшыларының қатысуымен кеңес өткізді. Іс-шараға Астана қаласы полиция департаментінің, білім басқармасының өкілдері және ақпараттық қауіпсіздік саласының сарапшылары қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz. 

Кеңес барысында полицейлер оқушылар арасындағы төбелестер тіркелген бейнематериалдарды көрсетті. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы буллинг, қорлайтын бейнероликтердің таралуы және балалардың деструктивті интернет-қауымдастықтарға тартылуы бойынша нақты мысалдар келтірілді. Спикерлердің айтуынша, мұндай оқиғалар ересектердің назарынан тыс қалып, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Мектеп директорларына мектепішілік бақылауды күшейту, тәуекелі жоғары аймақтарға тұрақты мониторинг жүргізу, психологиялық қызметтердің жұмысын жандандыру, буллинг туралы сигналдарға жедел әрекет ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін ата-аналармен және ювеналды полиция бөліністерімен тығыз өзара іс-қимылды жолға қою ұсынылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. Олардың қатарында профилактикалық рейдтерді күшейту, педагогтер мен ата-аналармен өзара әрекеттесу, сондай-ақ заманауи цифрлық құралдар мен зияткерлік бейнеаналитиканы пайдалану бар. Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары үшін бірқатар практикалық ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар ерте профилактиканың, жүйелі тәрбие жұмысының және мектеп, отбасы мен құқық қорғау органдары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өттіғанын жаздық

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі тағайындағайынды.