«Жиі бұзылатын әкімшілік құқықбұзушылыққа жол ережесін бұзу жатады. Соның ішінде - жылдамдықты арттыру. Өткен жылы елімізде 4 млн жылдамдықты бұзу фактісі болды. Сонымен қатар жол белгілеріне мән бермеу, белгілерді елемеу бойынша 2 миллионнан астам іс тіркелді. Одан бөлек, 300 мыңнан астам көлік құралын қолдану ережелері бұзылды», - деді Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, брифинг барысында жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіні және Қазақстанда болуына қатысты құжаты жоқ немесе тіркелмеген 311 мың факті анықталғаны айтылды.