"ҚР Тұңғыш Президентiнiң тәуелсiздiк жылдарында ұлысаралық бейбiтшiлiк және келiсiмге қосқан үлесiне және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясына төрағалық етуiне 20 жыл толуына арналған деректi фильм түсiрудi ұсынамыз", - дедi ол бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.
Оның айтуынша, фильмнiң таныстырылымы 2015 жылы 1 желтоқсанда - ҚР Тұңғыш Президентi күнiне орай өткiзiлетiн болады.