Мадуро мен оның әйелі 2026 жылдың қаңтарында АҚШ күштері жүргізген операция кезінде күштеп ұсталғаннан кейін Нью-Йорк қаласында түрмеде отыр.
Олар есірткі мен атыс қаруын сатуға қатысты тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады.
Айта кетейік, Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроға қатысты АҚШ-та соттан тыс кісі өлтірулерге байланысты азаматтық талап-арыз берілді.
Венесуэлада Мадуроның күзетіне жауапты әскери қызметкер отставкаға кетті.
Швейцарияның Федералдық кеңесі Мадуроның активтерін бұғаттады.
Делси Родригес 2026 жылдың 5 қаңтарынан бері Венесуэла президентінің міндетін атқарып келеді.