Магаданда теңіз жағалауында гренландиялық кит су шоуын ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Магадандық Светлая бухтасына кірген гренландиялық кит су шоуын ұйымдастырып, видеоға түсіп қалды. MagadanMedia хабарлағандай, видеоға балықшылар түсірген.

Кадрлардан оның су бетінде айналып жүргенін көруге болады. Кейінірек кит жағалауға қарай мұз астына сүңгіді.

Куәгерлердің айтуынша, бірнеше кит болған. Алайда жағалауға біреуі ғана жақын жүзіп келді.

«Мұндай қызықты сәтті жиі көре алмайсың, әсіресе Магаданда», - деп өз қуанышымен бөлісті балықшы.