«Бас директор Юкия Аманоның қазасынабайланысты, агенттіктің жұмысын тоқтатпау үшін Басқарушылар кеңесі КорнелФеруце мырзаны бас директор лауазымына жаңа басшы келгенге дейін басдиректордың міндетін атқарушы етіп тағайындауға қаулы қабылдады», - делінгенмәлімдемеде.
Еске сала кетейік, бұған дейін «ҚазАқпарат»ХАА Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Юкия Амано 72 жасында өмірден өткенін хабарлаған болатын.
Амано 2009 жылы МАГАТЭ-нің бас директорылауазымына тағайындалған алғашқы азиялық болды. Ол осы лауазымды 2021 жылғадейін атқаруы тиіс еді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев МАГАТЭ-нің Бас директоры Юкия Аманоның қайтысболуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.