Мағзұм Мырзағалиев: Қазақстан АҚШ инвестициясы үшін негізгі алаңға айналуға дайын

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жасанды интеллект, энергетика және стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар саласында АҚШ-пен ынтымақтастықты кеңейтуді көздеп отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Магзұм Мырзағалиевтің айтуынша, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде нығайып келеді.

— Тек өткен жылдың өзінде C5 1 саммиті аясында жалпы құны 17,2 млрд АҚШ долларын құрайтын коммерциялық келісімдерге қол қойылды, — деді Президент кеңесшісі Астанада өткен «Қазақстан — Америка» дөңгелек үстелі барысында.

Ол Қазақстан америкалық серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірқатар перспективалы бағытты қарастырып отырғанын атап өтті.

— Біз стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар, цифрлық технологиялар, жоғары технологиялық өндіріс, жасанды интеллект, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге зор мүмкіндік көріп отырмыз, — деді Мағзұм Мырзағалиев.

Президент кеңесшісінің сөзінше, Орталық Азиядағы ең ірі экономика ретінде Қазақстан америкалық инвестицияларды тарту және АҚШ бизнесінің өңірдегі қатысуын кеңейту үшін барлық мүмкіндікке ие.

— Экономикалық реформаларды жалғастыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және инвесторларға қолайлы саясат жүргізуге деген ұстанымымыз компанияларға Қазақстанда инвестиция салып, дамып, ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға сенім береді, — деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.

Бұғкн дейін Серік Жұманғарин америкалық бизнес үшін перспективалы салаларды атаған еді.