Макрон Луврдан ұрланған қазыналардың қайтарылатынына уәде берді
05:55, 20 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Франция президенті Эммануэль Макрон Луврдағы зергерлік бұйымдардың ұрланғанына жауап беріп, олардың қайтарылып, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды.
— Луврда жасалған ұрлық — бұл біздің тарихымыз болғандықтан, біз бағалайтын мұраға жасалған шабуыл. Өнер туындыларын қайтарамыз, ал кінәлілер жауапқа тартылады. Осы мақсатта Париж прокуратурасының басшылығымен қолдан келгеннің барлығы жасалып жатыр», — деп жазды Макрон.
Еске сала кетейік, Париждегі Луврге ұры түсіп, онда Наполеонның әшекейлері қолды болды.
Кейін императрица Евгенияның тәжі қылмыс болған жердің жанынан табылды.