Максим Сажнев Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Фото: Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM – Бахрейнде өткен III жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында ерлер арасындағы диск лақтыру жарысының финалында Максим Сажнев 63,23 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. 

Бұған дейін шымкенттік спортшы U-18 санатында Қазақстан рекордын жаңартып, 38 жыл бойы жаңаланбаған Виктор Горелышевтың жетістігін артта қалдырған еді.

Сол кезде Максим дискіні 59,71 метрге дейін лақтырып, жаңа ұлттық рекорд орнатқан болатын.

Айта кетелік Қазақстандық жеңіл атлет жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында үздік үштікке енді.