«Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
03:18, 16 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мақтаарал» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық маман 2021 жылы команда тізгінін ұстады. Команданы бірінші лигадан Премьер-лигаға алып шығып, былтыр үздіктер қатарындағы орнын сақтап қалды.
Тәжірибелі маман команда құрамында қызметін жалғастырып, техникалық директор қызметіне тағайындалды. Ол жастар мен жасөспірімдер футболының дамуына назар аударады. Сондай-ақ, футбол орталығының жұмысына жауапты болады.
Футбол клубын алдағы ойындарға уақытша Руслан Эсатов дайындайды.
Қазір «Мақтаарал» командасы турнир кестесінде небәрі үш ұпаймен көш соңында тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 9-туры мәресіне жетті.